RU
Қытайда көз жұмған қазақстандық қыздың өлімі туралы деректер шықты
Жаңалықтар Қоғам

Қытайда көз жұмған қазақстандық қыздың өлімі туралы деректер шықты

Рассказать Вконтакте

Қытайда көз жұмған Қазақстан азаматшасы Динара Еренова студент болмаған. Ол аспан асты елінде нәпақа тауып жүрген екен. Бұл туралы брифингте Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: tayniymir.com

Көрнекі фото: tayniymir.com
Source: Instagram

Динараның өлімі туралы ақпарат өткен аптада келіп түскен.

"Біздің Пекиндегі консулымыз бірден қыздардың жақындарымен хабарласқан. Біз алғашқы күннен бастап онымен байланысып отырмыз. Бүгін, 26 қараша күні оның өлімі туралы Қытай құжаты бекітілді. Ол Гуанчжоу қаласының маңынадғы Фошань қаласында тұрған", - деді Смадияров.

Динараның денесі Фошаньнан Гуанчжоуға жеткізілген. Қазақстандық елші онда қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін барыпты.

"Жақын арада оның денесі Қазақстанға әкелінеді деп ойлаймын. Негізі, ол студент емес, сонда жұмыс істеп жүрген қыз болған", - деді Смадияров.

Қазір қыздың кенеттен өлімінің себебін немесе нұсқасын айту мүмкін емес болып отыр.

"Бұл Қытай заң талаптарына сәйкес 30 күнге созылатын болған соң қыздың туыстары денені аштырудан бас тартып отыр. Олар мәйітті Қазақстанға алдыртпақ",- деді СІМ өкілі.

Гуанчжоудан Қазақстанға келген соң қыздың мәйітін ашу қажет пе, жоқ па екенін оның жақындары анықтайтын болады.

СІМ қазір қазақстандық қыздың Қытайда қанша уақыт өмір сүргенін және қандай іспен айналысқанын анықтап жатыр.

СІМ ақпараты бойынша Динара Еренова 1995 жылы туған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
9
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel