RU
Сұлтанов құдыққа түсіп өлген оқушы қыздың ісін өз бақылауына алды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Сұлтанов құдыққа түсіп өлген оқушы қыздың ісін өз бақылауына алды

Рассказать Вконтакте

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов ашық тұрған құдықтан мәйіті табылған 13 жастағы қыздың өліміне қатысты істі өз қолына алды деп хабарлайды қалалық әкімшілік сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: azh.kz

Фото: azh.kz
Source: Facebook

Билік өкілдері қайтыс болған қыздың жанұясына көңіл айтып, кінәлілердің жазалатынын жеткізді.

Ал қала әкімі Бақыт Сұлтанов бұл істі өз қолына алып, полицейлерге жедел түрде тергеу істерін жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар, әкімдікте соңғы уақытта люктердің шойын қақпақтарын ұрлау оқиғалары жиілегенін атап өтті.

Осыған байланысты Сұлтанов барлық құзырлы қызметтерден күн сайын қаладағы барлық құдықтарды арнайы аралап шығуды талап етті. Ал бүгінгі күні олардың саны 65 мыңға жуық болып отыр.

Сондай-ақ, қала билігі тұрғындарға құдықтардың жанында ашық люктер немесе соның маңындағы күдікті адамдарды анықтаған кезде 109 қызметіне қоңырау шалуды өтінді.

Қазір әкімшілік өкілдері марқұмның жанұясына жерлеу рәсімін өткізуге көмектесіп жатыр.

Айта кетейік, 25 қараша күні 13 жастағы мектеп оқушысы Астан құдықтарының бірінен өлі табылған еді.

Қыздың анасы марқұмның осы құдыққа түсіп кеткенін айтқан.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel