RU
Қазақстанда ауа райы +15 градусқа дейін жылынады
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда ауа райы +15 градусқа дейін жылынады

Рассказать Вконтакте

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде күн жылынады деп хабарлайды "Қазгидромет" орталығының баспасөз бөліміне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Вести

Көрнекі фото: Вести
Source: Getty Images

Мамандар мәліметінше, жақын күндері Қазақстанда ауа температурасы +15 градусқа дейін көтерілмек.

Еліміздің басым бөлігінде күн бұлтты болуы ықтимал. Ал Солтүстік өңірде тіпті жауын-шашын жауып, бұрқасын тұрады. Осыған қарамастан термометр көрсеткіштері нөлден 5 градусқа дейін жоғарылайды деп күтілуде.

Дәл осындай ауа райы Орталық және Шығыс Қазақстанда да сақталады.

Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыста күн 5-15 градусқа дейін жылынуы мүмкін.

Қыстың суығы тек Батыс Қазақстанда ғана тұрақтамақ. Онда температура +2-13 грудстан 0-8 градусқа дейін төмендейді дейді синоптиктер.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
3
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel