RU
Қазақстаннан миллиард долларды оффшорға жібергені анықталды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстаннан миллиард долларды оффшорға жібергені анықталды

Рассказать Вконтакте

Қалтасы қалың қазақстандықтар оффшорлық шоттарға аз ақша аудара бастапты, жылдың бірінші жартысында ақша ағымы 77 пайызға азайып - $ 205,1 миллионға жетті деп хабарлайды Finprom сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ччччч

Көрнекі фото: FinGramm.ru

Ақшасы көп клиенттердің байлығы шетелдердегі халықаралық банктерге салынғаны белгілі болды.

Жылдың бірінші жарты жылдығында шетелдік инвестициялардың ағыны 532,5 млн. долларды құрап, оның 205,1 млн доллары оффшорға кеткен.

Негізінде, қазақстандықтар өз ақшаларын Мэн аралына – 72,8 млн доллар, Кипрге – 64,3 млн, Виргин аралдарына – 10,8 млн көлемінде аударыпты. Ал алдыңғы жылы Багам аралдарына – 687 млн, Люксембургке – 114,8 млн, Кайман аралдарына – 185,5 млн АҚШ долларын жіберген

Өткен жылы қазақстандық оффшор үшін ақшаның ең белсенді ағымы тіркелді. Бір жыл ішінде олардың көлемі миллиард долларды құраған.

Сіздің реакцияңыз
9
6
2
5
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel