RU
Порошенко Украинда әскери жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойды
Жаңалықтар Әлемде

Порошенко Украинда әскери жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойды

Рассказать Вконтакте

Петр Порошенко Керчь бұғазында оқиғаға байланысты елде әскери жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Украина президентінің әкімшілігіне сілтеме жасаған РИА Новости хабарлайды деп жазады NUR.KZ.

Фото: censoru.net

Фото: censoru.net
Source: Depositphotos

Жарлыққа сәйкес әскери жағдай Украинада 26 қарашадан 2019 жылдың 26 қаңтарға дейін созылады.

Ал Бас штаб ішінара мобилизациялауды ұйымдастыру қажет.

Сонымен қатар президент елдің қауіпсіздік қызметіне қарсы барлау қызметін, терроризм мен диверсияға қарсы режим мен ақпараттық қаупісіздікті күшейту туралы тапсырма берген.

Айта кетейік, жарлықты Жоғарғы рада мақұлдау керек. Ал содан кейін барып құжат күшіне енетін болады.

Еске салсақ, 25 қараша күні таңертең Керчь бұғазында ресейлік шекарашылар Украинаның үш бірдей ВМС кемесін ұстаған.

Ресей өкілдері мәлім еткендей, кемедегі әскери қызметкерлер мемлекеттік шекараны бұзып, талаптарға ешбір жауап қатпаған. Содан кейін от қоюға мәжбүр болыпты. Алайда Украина жағы кемелер негізсіз тіркеуге алынған және олардың бірінің қозғалтқышы мен басқа да бөліктеріне зақым келтіргенін алға тартқан.

БАҚ мәліметінше, оқиғадан үш украиналық теңізші жарақат алыпты.

Осыдан кейін Украинаның Қорғаныс министрлігі елдегі әскери күштерді жауынгерлік әзірлік жағдайына көшіргені хабарланған еді.

Ал Қазақстан Ресей мен Украинаны жағдайды ушықтырмауға шақырған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel