RU

Ақмола облысында жылу қазандығында жарылыс болып, бір адам ажал құшты

Ақмола облысының Приречное ауылында жылу қазандығы жарылып, 49 жастағы жұмысшы қайтыс болды. Ақау шыққан қазандық бір апта бұрын Щучинсктегі зауыттан әкелініпті деп хабарлайды 31 арна.

Көрнекі фото: yk-news.kz
Көрнекі фото: yk-news.kz: Depositphotos

Телеарнаның мәлметінше, жарылыстан екі адам жарақаттанған. Бірінің денесін 10 пайыз, ал екіншісін бес пайыз күйік шалған азаматтың сүйектеріне де қатты зақым келген.

Олар қазір Ақмола облыстық ауруханасында ем алып жатыр.

Ал жаңа құрылғы жақын маңдағы сауда үйі мен мейрамхананы жылыту үшін қойылыпты және желтоқсан айында ашылуы керек болған екен.

Дереккөз 31 арна

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765619-akmola-oblysynda-zylu-kazandygynda-zarylys-bolyp-bir-adam-azal-ksty.html