RU

Әлем чемпионы Головкинмен жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

Каллум Смит алдағы уақытта Геннадий Головкинмен болуы мүмкін жекпе-жегі жайлы пікір білдірді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Каллум Смит / Фото - Sky Sports
Каллум Смит / Фото - Sky Sports: Depositphotos

Британиялық боксшының сөзінше, ол рингке тек қазақстандық -76 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасуға келіссе ғана шығатынын айтады.

"Егер Головкин 168 фунтқа дейін көтерілуге келіссе, онда біздің жекпе-жегіміз болуы мүмкін", - дейді Каллум Смит.

Сонымен қатар боксшы өзге қарсыласы Хильберто Рамиреске қарағанда GGG-мен жекпе-жек әлдеқайда қызығырақ өтетінін де атап өтті.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 72 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765621-lem-cempiony-golovkinmen-zekpe-zegi-zajly-mlimdeme-zasady.html