RU
Азов теңізінде туған жанжал салдарынан теңге мен рубль құлдырап кетті
Жаңалықтар Финансы

Азов теңізінде туған жанжал салдарынан теңге мен рубль құлдырап кетті

Рассказать Вконтакте

Ресей мен Украина арасындағы жанжал осы елдердің валютасының айтарлықтай әлсіреуіне алып келді. Ал бұл жағдай теңгенің бағамына әсер етпей қоймады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: matritsa.kz

Фото: matritsa.kz
Source: Instagram

Газета.Ru жазуы бойынша, Ресей-Украина жанжалынан кейін рубль мен гривнаның бағасы америкалық доллар мен еуроға қарағанда өз позициясын жоғалтып алған.

Мәселен, өткен кеште қымбат мұнайға қарамастан, Мосбиржада доллар бірден 67 рубльге дейін өсті, ал еуро бағамы 76,02 рубльге дейін көтерілді.

Бұл Украинаның валюта нарығының жағдайын да нашарлатты. Украина Ұлттық Банкінің ақпараты бойынша, өткен түні гривна бағамы долларға қатысты 27,79-дан 27,89-ға дейін өскен.

Жанжал қазақстандық теңгені де айналып өте алмады. Бұл жағдай біздің төл валютамызға кері әсерін тигізді.

Осы күндері теңге долларға қатысты бес позициясын жоғалтып алды.

Kurs.kz ақпараты бойынша, бүгін таңертең Астана мен Алматыдағы айырбас нүктелерінде доллар 372-374 теңгеден сатылып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel