RU
Оралда балалар үйінен қашып кеткен ару басынан кешкен оқиғаларын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Оралда балалар үйінен қашып кеткен ару басынан кешкен оқиғаларын айтты

Рассказать Вконтакте

Орал қаласындағы жекеменшік балалар үйінен қашып шыққан Сезім 24 жаста. Жас келіншек жасөспірім кезінде секс құлдыққа түспес үшін балалар үйінен ересек қыздармен бірге қашып шыққанын және басынан кешкен небір сұмдық оқиғаларын айтып берді. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

ааааа

Көрнекі фото: zen.yandex.ru
Source: Instagram

Сезімнің сөздерінше, балалар үйінің тəрбиеленушілерін, яғни қыздарды 13-18 жасында Дубайға секс құлдыққа сататын көрінеді.

Орал қаласында туылған Сезім екі айлығынан бастап жекеменшік балалар үйінде өскен.

Өзінің айтуы бойынша, пойызбен Шымкентке келген соң көшеде ұсақ-түйек сатып күнелтіп жүрген қызды ерлі-зайыптылар асырап алып, құжаттарын рəсімдеп беруге, оқуға түсіруге уəде берген.

Бірақ асырап алғандардың ойы тіпті басқа болып шығыпты. Дүкенде ауыр жұмысқа жегіп қойған олардан Сезім əзер қашып құтылған.

Асырап алған ата-анасы алты жыл ішінде күнде ұрып соғып, күн көрсетпеген көрінеді.

"Дүкенге сатушы қып қойып, тек жұмсай берді мені. Алты жыл шыдадым. Əрең шыдадым. Алты жыл ішінде сынбаған жерім қалмады. Құжаттарымды істей алмаған соң мені қуып жіберді.

Арыс қаласында тұратын еді. Сосын қайтадан Шымкентке келдім. Базарларда жүрдім. Пəтер жалдадым. Өзіммен өзім күнімді көріп кеттім.

Əкімдікке, миграцияға барып, құжаттарымды тураламақшы болдым. Содан бері сандалу, рəсімдей алмаған құжат... Арман...

Сөйтіп жүріп бір жігітпен көңіл қосып, ұлды болдым. Сегіз ай бірге тұрдық. Құжаттарымды рəсімдей алмай шаршап, ұрыс керіс көбейді. Тағы қуып шықты.

Ақыр соңы ажырасып кеттік. Жігітіммен бірге тұрғанда архивті ақтарып, Орал қаласына да барып келдік. Тапқанымыздың барлығы құжаттардың соңында сандалуға кетті.

Ешқандай нəтиже болмады. АХАТ-қа тіркеліп, баламызға туу туралы куəлік алғымыз келді. Ұлым да екіге толады жақында. Ол да құжатсыз.

Осылай сандалып жүріп, ұлыммен тағы да далада қалдым. Көшеде жүрген жерімнен полицейлерге ұсталып, миграцияға хабар беріп, əйтеуір, "Көмек" оңалту орталығына түстім.

Орталықтың басшысы, қызметкерлері жан-жақты көмегін көрсетіп келеді. Ендігі бар мақсатым құжаттарымды рəсімдеп, ел қатарына қосылсам деймін", - дейді Сезімнің өзі.
Сіздің реакцияңыз
5
3
2
30
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel