RU
Кішкентай сәбиін қазанға салып "пісірген" ана жұртты шошытты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Кішкентай сәбиін қазанға салып "пісірген" ана жұртты шошытты

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде баласын қазанға салып, қақпағын жауып қойған ананың видеосы таралып кетті. Баласына мұндай қиянат жасаған келіншектің әрекеті жұрттың қызу талқысына түсті деп жазады kaz_stars Instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Кадрда қазанның "ыстық" қақпағын әрең ашқанда, оның ішінен кішкентай нәресте шыға келгені көрінеді.

Көкөністің арасында жатқан сәбиді көрген желі қолданушылары шу шығарып, видеоны түсірген адам мен баланың анасын жерден алып, жерге салды.

"Мынау не масқара", "Баланы осылай қорлауға болады ма?", "Фотосессия болған күнде де басқасын ойлап табуға болады ғой";

"Қазіргі жастар ойланбай іс қылады. Балаға обал", "Елдер әбден есірген", "Өзі туған баласын қалай қорлауға болады?";

"Кіп-кішкентай болып, ештеңе түсінбей жатыр ғой", "Қазанға салғаны аздай, бетін қақпағымен жауып қойғаны несі?", - деп ұрыса жөнелді көпшілік.

Айта кетейік, видеоның қай елде түсірілгені белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
4
12
36
3
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel