RU

Жедел жәрдем көлігінің артынан жүгірген ит желіде қызу талқыға түсті

Бішкек қаласында жедел жәрдемнің артынан жүгіріп бара жатқан иттің видеосы қараусыз жануарларға көмектесетін "Добрые руки" қорының парақшасында жарияланған. Бұл туралы Sputnik-Қырғызстан сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот: Facebook

Видеоны Виктория Петрова есімді азаматша Facebook парақшасына жүктеген. Ол жануарларға көмектесумен айналысатын ерікті екен.

Әйел адамның айтуынша, видеоны қорларының WhatsApp нөмеріне жіберіпті. Видеоның қашан және қайда түсірілгені белгісіз.

Ар жақтан ер адамның дауысы иттің жедел жәрдем көлігінің артынан шамамен 40 шақырым жылдамдықпен жүгіріп келе жатқанына 15-20 минут болғанын хабарлайды.

"Бішкек қаласында жедел жәрдем көлігінің артынан жүгірген итті адамдар видеоға түсіріп алыпты. Қожайыны ауырып, оны жедел жәрдем алып кеткен деседі", - деп жазыпты Виктория парақшасында.

Алайда шұғыл медициналық көмек орталығының жан сақтау бөлімінің меңгерушісі Егор Борисов иттің жедел жәрдем бекетінде өмір сүретінін хабарлаған.

"Жүргізушілердің біреуі оны үйіне алған, содан бері ол көлігінің артынан жүгіріп жүреді. Бұл біздің ит, оны ешкімге бермейміз", -деп мәлімдеді Борисов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765675-zedel-zrdem-kligini-artynan-zgirgen-it-zelide-kyzu-talkyga-tsti.html