RU
Ақбота Керімбекова бір жігітке таласқан екі әйел туралы ән жазды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ақбота Керімбекова бір жігітке таласқан екі әйел туралы ән жазды

Рассказать Вконтакте

Ақбота Керімбекова өнердегі әріптесімен қосылып бір азаматқа таласқан екі әйел жайлы ән жаздырған. Өмірде болған оқиғаны өнеріне қосқан әншіні желідегілер қызу талқыға салды деп жазады NUR.KZ.

Алайда әнші бұл әннің өз өміріне мүлде қатысы жоқ екенін ашып айтқан.

"Өнер адамы тек өз өміріндегі көріністерді жырлап, әнге қосуға міндетті емес. Өзге жандардың да өмірінде кездесетін жағдайды, жүрек төріндегі сезімдерін сазға қосу керек деген оймен Дана Кентай сіңіліміз екеуміз "Сезім тартысы" деген бір ән жаздық.

Яғни бір азаматқа екі әйелдің сезім тартысы туралы туынды болмақ.Айтпақшы ән мазмұнының біздің жеке өмірімізге еш қатысы жоқ", - деген жазба қалдырған әнші Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушыларының көпшілігі Керімбековаға сәттілік тілесе, екіншілері оның соңғы уақытта біртүрлі әндер орындап жүргенін жарыса жазды.

"Дауысыңыз жақсы. Бірақ оны мұндай туындыларға құртпаңызшы", "Өткенде де "Маған бәрібір" деген ән шығарып едіңіз", - деп пікір білдірді оқырмандары.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Ақбота Керімбекова "Маған бәрібір" деген әнін жарыққа шығарып, оқырмандарына "өсекушкалар" дегені үшін елден сөз естіген болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel