RU

Дәрігерлер науқас әйелге қатерлі ісігі бар бүйрек салып берген

Шотландия тұрғыны Паулина Хант бүйрек трансплантациясын жасатқаннан кейін қатерлі ісікке шалдыққан. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Паулина Хант
Фото: Паулина Хант: Facebook

46 жастағы әйелге дәрігерлер құрсақ қуысынан қатерлі ісік пен лимфома анықтағандарын хабарлаған.

Бұған дейін дәл сол донордан бауыр алған науқас отадан кейін бірнеше апта өтпей көз жұмыпты.

"Дәрігерлер химия терапияны көтере алмайтынымды айтты. Қатерлі ісіктен туыстарым қайтыс болған. Мені не күтіп тұрғанын білемін", - деді Хант.

Трансплантациялық ота жасаған дәрігерлер бүйректің барлық тексеруден өткендерін мәлімдеген. Дегенмен науқас тергеу жүргізілуін талап етіпті.

Бұдан сескенген аурухана тез арада ота жасап, ауыстырылған бүйректі алып тастаған, бірақ науқасқа бұл да көмектеспеген.

Донор мүшесінде қатерлі ісік түрі болған, ол Ханттың денесіне түскеннен кейін оның басқа мүшелеріне тарап кетіпті.

Жыл сайын алты мың операцияға органдар жеткізумен айналысатын ұлттық қан және трансплантация қызметі кінәларын мойындамай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765686-drigerler-naukas-jelge-katerli-isigi-bar-bjrek-salyp-bergen.html