RU

"Түкіріп қойыңыздар": Айсәуле Бақытбек болашақ енесімен мақтанды (фото)

Баян Алагөзованың тұңғышы көпшілікке енесін көрсетті. Күйеуінің анасымен мақтанған Айсәуле Бақытбекті желідегілер қызу талқыға салған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Айсәуле Бақытбектің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
Фото: Айсәуле Бақытбектің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ: Instagram
"Мен үшін жақын адамдарыммен ортақ тіл табысу маңызды. Оларға айтқан әр сөзімді ойланып айтып, әзілдесуге қорқып жүру ұнамайды. Мүмкін осы себепті де біздің арамызда сенім қалыптасқан шығар.

Осындай қарым-қатынасымыз үшін күйеуім мен оның жақындарына айтар алғысым шексіз. Міне, мен екі анамның ортасында тұрмын.

Көз тимесін деп түкіріп қойыңыздар. Ал сіздің енеңізбен қарым-қатынасыңыз қалай", - деп жазбасын аяқтаған Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында.

Продюсердің тұңғышының бұл жазбасы желіде қызу талқыға түскен.

"Енеңіздің көшірмесі екенсіз ғой", "Қарым-қатынас бірден керемет болып кетпейді ғой", "Әуел баста мен тіпті енемді жек көргенмін. Қазір ойласам күлкім келеді";

"Қарым-қатынасты жақсы қылу екі тарапқа да қатысты", "Сіздің жолыңыз болған ғой", -деп жазған желідегілер.

Айта кетейік, Баян Алагөзованың тұңғышы биылғы жылы сүйгені Әлішерге тұрмысқа шықты. Алайда жас келін тойының қашан өтетінін әлі күнге нақты айтпады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765698-tkirip-kojyyzdar-ajsule-bakytbek-bolasak-enesimen-maktandy-foto.html