RU

28 қарашаға арналған жұлдыз жорамал

Бүгін серіктестік пен ынтымақтастық күні. Сәрсенбінің сәтінде бірлесе атқарылған жұмыстар жемісті болады. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 28 қарашаға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

fakty.ua
Көрнекі фото:fakty.ua: Facebook

1. Тоқты

Бүгін мәмілегерлік қабілетіңіз оянады, сондықтан келіссөздер жүргізіңіз. Егер бүгін жиналысқа қатысып немесе серіктесіңізбен әңгімелессеңіз, өзіңізді ең жақсы жағынан көрсете аласыз. Жұмыста маңызды келіссөздер болмаса, мәмілегерлік қабілетіңізді үйдегі жақындарыңызға көрсетуіңізге болады.

2. Торпақ

Бүгін ең бастысы алға қойған мақсатыңыздан таймаңыз. Барлығы сізге шүйлігіп, бастаған ісіңізде сәтсіздіктер болса да, алған бетіңізден қайтпаңыз. Сезімдерге беріліп, шу шығарудың қажеті жоқ. Жай ғана кедергілерге қарамастан, мақсатыңызға қарай жүре беріңіз.

3 Егіздер

Бүгін шешендігіңіз негізгі қаруыңызға айналады. Бүгін кез келген дауда жеңе аласыз. Осы қабілетіңізді күні бойы қолдана алсаңыз, көп істе жетістіктерге жетесіз.

4. Шаян

Бүгін бар әлеуетіңізді көрсетуге тиссіз. Шаяндардың басым көпшілігі үшін бұл күн жаңа кезеңнің бастамасы болады, сондықтан кері шегінуге жол жоқ. Айналадағылардың кеңестеріне құлақ асып, көмектеріне жүгінсеңіз, сәрсенбі сәтті өтеді.

5. Арыстан

Бүгін әртүрлі таңдаулар жасайсыз. Сауда жасау үшін қолайлы күн. Жиһаз, тұрмыстық техника, тіпті жылжымайтын мүлік алуыңызға болады. Ал саяхатқа немесе іскерлік сапарға барсаңыз тіптен жақсы. Ең бастысы адамдармен араласып, бір орында тұрмаңыз.

6. Бикеш

Бастаған істі сәтті аяқтау үшін ештеңеге алданбау керек. Ұсақ-түйек мәселелерге көңіл бөлетін болсаңыз, негізгі шаруаны не мақсатта бастағаныңызды ұмытып қалуыңыз ықтимал. Егер ісіңізде тиянақтылық танытсаңыз, үлкен жетістіктерге қол жеткізесіз.

7. Таразы

Бүгін өмір ағысымен жүрудің қажеті жоқ. Таразылар қол қусырып отырса, көптеген мүмкіндіктерді жіберіп алады. Егер жаңа жұмысқа ауысқыңыз келсе, армандаған жұмысыңызға орналаса аласыз.

8. Сарышаян

Әңгімелесушінің көңіл-күйін сезіне білу, зеріктіретін ақпараттың өзін қызықты етіп жеткізе білу сынды қабілетіңіздің арқасында қажетті адамдардан көмек пен қолдау алып, көздеген мақсатыңызға қол жеткізе аласыз.

9. Мерген

Бүгін сізде көшбасшылық қасиеттер оянады, жаңа бастамаларды қолға алып, барлық жауапкершілікті өз мойныңызға аласыз. Бұл басқа адамдардың наразылығын тудыруы мүмкін, әсіресе сізде ондай жауапкершілік алатындай құзыретіңіз болмаса. Бірақ сіз дұрыс әрекет ете білсеңіз, көпшілік сіздің артыңыздан еруге дайын болады.

10. Тауешкі

Бүгін тағдыр сізге көптеген тосынсыйлар жасайды. Олардың көпшілігі көңіліңізден шығады. Сәрсенбі күні сіз үшін сәтті өтеді. Тағдырыңыз сізді қашанға дейін осылай еркелететіні өзіңізге байланысты.

11. Суқұйғыш

Бүгін сіз жұмыстың астында қаласыз. Сондықтан уақытыңыз тапшы болып, үлгермей жатсаңыз, басқалардан көмек сұраңыз. Үндемей бәрін өзім тындырамын деп ойламаңыз.

12. Балықтар

Айналаңызда бәрі қыз-қыз қайнап, жағдай мұқияттылықты талап етіп жатса да, қиялға беріліп, іске көңіл аударуыңыз қиын болады. Алайда армандарыңызды кешкі уақытқа қалдырмасаңыз, үлкен қателік жасап немесе маңызды бір нәрсені жіберіп алуыңыз әбден мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765709-28-karasaga-arnalgan-zldyz-zoramal.html