RU
Жалақысы 60 мыңға жетпейтіндер салықты да аз төлейтін болады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Жалақысы 60 мыңға жетпейтіндер салықты да аз төлейтін болады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның салық кодексіне өзгертулер енгізіліп, 25 АЕК-тен төмен жалақы алатындар енді салықты да аз төлейтін болды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: Atameken Business Channel

Көрнекі фото: Atameken Business Channel

Хабарламада ел тұрғындарының айлық көрсеткіші 25 АЕК немесе 60125 теңгеден аспайтын болса, салықты да азырақ төлейтіні айтылған. Себебі олардың табысының 90 пайызына салық салынбайды.

Егер қазақстандық азамат екі жерде жұмыс істеп, айлығы 25 АЕК-ден аспайтын болса, екі жұмыс беруші де заңнамадағы жаңа ереже бойынша салықты қайта есептеуі тиіс.

Аталмыш өзгертулер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
4
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel