RU
"Украина мен Ресей - бізге бауырлас елдер": БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Қазақстан өкілі не айтты?
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Украина мен Ресей - бізге бауырлас елдер": БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Қазақстан өкілі не айтты?

Рассказать Вконтакте

26 қарашада Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиыны өтіп, Азов теңізінде Украина мен Ресей арасында орын алған жағдайды талқылады. Онда Қазақстанның ресми өкілі сөз сөйлеп, ек тарапты шиеленістерге жол бермеуге шақырды. Бұл туралы БҰҰ-ның Орталық жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: un.org

Фото: un.org

Қанат Тұмыштың айтуынша, Қазақстан үшін Украинаның тәуелсіз ел болып қалуы маңызды рөл атқарады. Осы орайда еліміз қос тараптың арасында орын алған жағдайға өкініш білдіріп, олардың қақтығыстан аулақ болуы үшін көмек қолын созуға әрдайым дайын екенін жеткізді.

"Бұл жағдайды бейбіт жолмен шешіп, кез келген теріс әрекеттерге жол бермеу керек. Мұндай жағдай барлық өңірде табан асты оттың тұтануына алып келуі мүмкін. Сондықтан бұл жерде соңы соғысқа ұласу қаупі бар қиын жағдайдың алдын алуымыз керек", - деді дипломат.

Ал БҰҰ бас хатшысының орынбасары Розмари Дикарлоның сөзіне сүйенсек, ұйымның дәл қазір екі тарап айтқан мәліметтерді зерттеп, ақ-қарасын ажыратып жатуға мүмкіндігі жоқ.

Ресей Федерациясының БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің міндетін атқарушы Дмитрий Полянскийдің айтуынша, 25 қараша күні үш украиналық кеме Ресей шекарасын кесіп өтіп, шекарашылар талабына жауап қатпаған.

Олар қауіпті маневрлерін жалғастырып, айдындағы кемелер қозғалысына кедергі келтірген. Сондықтан әскерилер күш қолдануға мәжбүр болыпты.

Полянский бұл жағдайдың алда келе жатқан сайлауды болдырмау үшін қолдан жасалды деп санайды.

"Басшылықты қалай ұстап отыруға болады? Ол үшін арандатушылықты қолдан жасап, бәріне Ресейді кінәлі етіп көрсету жеткілікті. Киев басшылығы өзінің атағын көтеріп алып, дауыс берушілер алдында "Ресейдің басқыншылығынан" құтқаратын "ұлт жанашыры" ретінде көрінуді ойлап отыр", - дейді Дмитрий Полянский.

Ал Украинаны БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Ельченко даулы жағдай орын алған жерде Ресей шекарасы жоқ екенін айтып отыр. Сондықтан Қырым мен оның аумағында сулар да Украинаға жатады дейді ол.

Ельченко "Ресейдің қолында тұрған" кемелер мен 23 әскери қызметкерді шұғыл түрде босатуды талап етті. Ал Мәскеуге қатысты қосымша санкция жариялауды ұсынды.

Сіздің реакцияңыз
9
0
1
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel