RU
Павлодарда студенттер жатақханасының маңынан қансырған ер адам табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодарда студенттер жатақханасының маңынан қансырған ер адам табылды

Рассказать Вконтакте

27 қараша күні түс мезгілінде Павлодардағы мемлекеттік педагогикалық университеттің жатақханасының аумағынан мойнынан жарақат алған белгісіз ер адам табылған. Қансыраған ер адамды байқаған куәгерлер дереу жедел жәрдем мен полиция шақыртқан деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Видеодан скриншот

Фото: видеодан скриншот
Source: Facebook

Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, Павлодар қаласының мемлекеттік педагогикалық университеттің жатақханасының маңына мойны үшкір затпен жараланған ер адамның өзі келген.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері ер адамды Павлодар облыстық ауруханасының травматология бөліміне жеткізген.

Ер адамның жарақатын емдегеннен кейін дәрігерлер оны психо-неврологиялық диспансерге жіберген. Ер адам өзіне қол жұмсамақ болған деген болжам бар.

Қазір полиция департаменті тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеген. Істің мән-жайы әзірге белгісіз, алдын ала болжам бойынша ер адамды мұндай әрекетке отбасындағы жанжал итермелеген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel