RU

"Жылылық іздейді": Шымкент әкімі халықты әйелмен салыстырды

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қала тұрғындарымен әр жұма сайын кездесетін болды. Осы мақсатта әкім арнайы кабинет әзірлеген. Бұл туралы әкім Астана қаласында өткен брифингте мәлімдеген деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

ortcom.kz
Фото:ortcom.kz: Facebook
"Әкім мен халық арасындағы байланысты нығайту мақсатымен мен қала тұрғындарын айына бір рет емес, апта сайын қабылдауды жөн көрдім. Осы жылдың желтоқсанның бірінен бастап, әр жұма сайын 16.00 мен 18.00 аралығында қала тұрғындары менімен кездесе алады", - деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Әкім қабылдауына әкімшіліктің ресми сайтында онлайн тіркелуге болады.

Шенеунік шымкенттіктердің қабылдауға онлайн тіркелуін креативті бастама деп санайтынын жеткізді. Қала басшысы бұл шараның халықты сабасына түсіруге көмектесетінін де атап өтті.

"Мен халықты әрдайым әйелмен салыстырамын. Халық әйел сияқты. Әйел махаббатты, қамқорлықты жақсы көреді. Жылылық іздейді, өзіне көңіл бөлгенін қалайды. Егер осының бәрін оған дер кезінде бермесең, ол бүлік шығарады. Халықпен де дәл осындай байланыс құру керек", — деп түйді сөзін Әбдірахымов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765755-zylylyk-izdejdi-symkent-kimi-halykty-jelmen-salystyrdy.html