RU

Қарағандыда үш сауна әкімшісі мен 12 жезөкше ұсталды

Қарағандыда үш бірдеу сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысып, клиенттерге интимдік қызмет көрсетті деген күдікпен қамауға алынды. Оған қоса полиция 12 жезөкшені ұстаған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: rambler.ru
Көрнекі фото: rambler.ru: UGC

Қарағанды облыстық полиция департментінің мәліметінше, әкімшілердің бірі 41 жастағы әйел клиенттерге жезөкшелік қызмет көрсетіп келген. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 309 бап 1- тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Егер әйелдің кінәсі дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Жедел профилактикалық шаралар барысында клиенттерге интимдік қызмет ұсынған тағы екі әкімші ұсталды. Жалпы 22-26 қараша аралығында үш әкімші мен 12 жезөкше есепке алынды", - дейді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765796-karagandyda-s-sauna-kimsisi-men-12-zezkse-staldy.html