RU

Әбдірахымов: Шымкенттен кеткенде жылайтын боласыздар

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қаладағы арбатта орнатылған 12 періште композициясы туралы айтып, оның не үшін керектігін түсіндіріп берді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ғабидолла Әбдірахымов. Фото: Atameken Business Channel
Ғабидолла Әбдірахымов. Фото: Atameken Business Channel: Getty Images

Оның айтуынша, қалада жаяу жүргіншілерге арнап ашылатын Арбаттың ең әдемі тұсы осы композициялар болмақ.

"12 періште- 12 айды білдіреді. Біз Арбаттың жобасын жасап жатқанда келушілерді онда тартып тұратын бір дүние болса деп ойладық. Сондықтан періштелерді жасаттық.
Құдай қаласа 1 желтоқсанда біз оны ашамыз. Барлығыңызды сонда шақырамын. Көріп таңғалатын боласыздар", - дейді ол.

БАҚ өкілдері қала басшысынан Шымкенттің қашан адам кетуге қимайтын қала болатынын сұрады.

"Тіпті осы жылы-ақ қаладан кетерде жылайтын боласыздар", - деп жауап берді Әбдірахымов.

Сондай-ақ әкім Шымкентте қалыптасқан дәстүрлер туралы сөз қозғады.

"Екі жыл бұрын мен мұнда бір дәстүр орнаттым. Осыған дейін әрбір әкім Наурыз мерекесінде Қошқар-атаға барып үлкен қой сойғызып, Алладан қаламызды өрт пен қауіп-қатерден сақтауын сұрайтын. Сол сияқты мен де Құдайдан ертеңгі ауа райы жақсы болса екен деп тілеп отырмын", - деп сөзін қорытты әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765797-bdirahymov-symkentten-ketkende-zylajtyn-bolasyzdar.html