RU

Қызылордада басына кірпіш құлаған ер адам ауруханаға түсті

Қызылордада басына бесінші қабаттан кірпіш құлған 42 жастағы азамат ауруханаға түсті деп хабарлайды Хабар24.

Көрнекі фото: Depositphotos / chanawit
Көрнекі фото: Depositphotos / chanawit: Depositphotos

Оқиға Титов қыстағында орын алған.

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға қатты соққан жел салдарынан болған.

Жабық бассүйек-ми жарақатын алған ер адам қалалық ауруханасына жеткізіліпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765798-kyzylordada-basyna-kirpis-klagan-er-adam-auruhanaga-tsti.html