RU

Петропавлда көз жұмған Азия чемпионы құлаққаптың кесірінен қаза болуы мүмкін

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов пауэрлифтингтен Қазақстан және Азия чемпионы Виктория Шестопалова қайтыс болған жол апатына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Виктория Шестопалова. Фото Руслан Есеналинның Facebook парақшасынан алынды
Виктория Шестопалова. Фото Руслан Есеналинның Facebook парақшасынан алынды: UGC
"Қазір процесс жүріп жатыр. Маған белгісі ол жолдан құлаққапен өткен. Жүргізуші автобусты тежегенімен, жол өте тайғақ болған. Өкінішке орай ол естімеген. Қазір белгілі болғаны осы факт", - дейді әкім.

Ақсақалов бұл жағдайды көптеген куәгерлер растайтынын алға тартты.

"Қылмыстық іс әлі біткен жоқ. Қазір тиісті сараптамалар жүріп жатыр", - дейді шенеунік.

Еске сала кетейік осыдан бес күн бұрын Петропавлда 23 жастағы Азия чемпионын қаза болғаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765810-petropavlda-kz-zmgan-azia-cempiony-klakkapty-kesirinen-kaza-boluy-mmkin.html