RU

Ақтөбеде туыстары жер-көктен іздеген ер адам құлдықта болған

Ақтөбеде құлдықта болған азамат құқарылды. Ал оны күштеп ұстап, жұмыс істеткен шаруашылық басшылары қамауға алыгнған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: otyrar.kz
Көрнекі фото: otyrar.kz: Depositphotos

Қылмыстық іс "SТOP трафик" шарасы кезінде ашылған. Белгілі болғандай 49 жастағы ер адам ақпаннан қарашаға дейін құлдықта болған.

Ал бұл уақытта оны туған-туыстары, полиция іздеген екен.

Айта кетейік, SТOP трафик" шарасы алғаш рет Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстанның ішкі істер министрліктерімен бір мезетте өткізілді. Жедел-алдын алу шарасы кезінде төрт елде 95 қылмыстық іс тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765812-aktbede-tuystary-zer-kkten-izdegen-er-adam-kldykta-bolgan.html