RU

Павлодарда құдық жанынан өртенген ер адамның денесі табылды

Павлодарда Ломов көшесі, 180 мекенжайы бойынша жылу-оқшаулау құдығында 15 шаршы метр аумақтағы құбырлар жанып кетіп, салдарынан ер адам қаза тапты деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Павлодарда
Көрнекі фото: Павлодарньюс: Facebook
"Оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімі мен № 2 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан алты адам және екі техника жұмыс істеді", - деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.

Қызыл жалын сағат 00.11-де ауыздықталып, сағат 00.59-да сөндірілген.

Өртті сөндіру кезінде 58 жастағы ер адамның денесі табылды.

"Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына шылым шегу кезінде сақтық танытпау себеп болған", - дейді департаментте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765817-pavlodarda-kdyk-zanynan-rtengen-er-adamny-denesi-tabyldy.html