RU
Сұлулығына көз тоймайтын полицей қыз жұртты есінен тандырды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Сұлулығына көз тоймайтын полицей қыз жұртты есінен тандырды

Рассказать Вконтакте

Германия полициясының аға офицері әлеуметтік желіде өзінің шымыр денесі арқылы танылған. Бүгінде Адриенна Колешар 548 мың оқырманына салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттап келеді деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Адриеннаның салмағы 64,4 келі, ал бойы 173 сантиметр. Ол спорттық киім киген және дене бітімін көрсететін суреттерін әлеуметтік желіге көп салады.

Арудың көркіне көздері тоймайтын табынушылары ол үшін көліктің жылдамдығын да асыратындарын айтқан. Олар өздерін қамауды өтініп, сұрайтынын жеткізген.

Өз қызметінен бөлек істерге де үлгеріп жүрген бойжеткен 2015 жылы бодибилдингтен Bodybuilding-WM біріншілігіне қатысыпты.

Ал күнделікті өмірде Адриенна жол ережесін бұзу, төбелес пен жанұядағы зорлық-зомбылық істерімен айналысады.

Сондай-ақ, ол аптасына спортзалға бес рет барып, денесін жаттықтырып отырады.

Жалпы арудың өзі дене бітімі сұлулығының 30 пайызы ғана жаттығуларға байланысты болса, қалған 70 пайызы дұрыс тамақтанғаннан дейді.

31 жастағы полицей қызметте сурет салуға еш тыйым салмайтынын, бірақ шектен аспау қажеттігін айтады.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
3
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel