RU
Бішкекте бес жасар балақай еттартқышқа қолын сұғып алған
Жаңалықтар Әлемде

Бішкекте бес жасар балақай еттартқышқа қолын сұғып алған

Рассказать Вконтакте

Бішкек қаласында еттартқышқа қолын салып алған бес жастағы қыздың қолына ерекше ота жасалды. Балақайдың саусақтары қайта қалпына келтірілген деп хабарлайды ЗдоровьеАКИ press сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

pctech-support.com

Көрнекі фото:pctech-support.com
Source: Facebook

Оқиға 25 қараша күні орын алған. Кішкентай қыз абайсызда электр еттарқышына қолын сұғып алған.

Пластикалық қалпына келтіру микрохирургия пластикасы және хирургия бөлімінің меңгерушісі Керім Беермановтың айтуынша, алғашында дәрігерлер құрылғыны кесіп тастамақшы болған, бірақ бала күйік алып, қолы одан бетер зақымдануы қаупі болғандықтан, құрылғыны қолмен ашуға шешім қабылдаған.

"Ақыры қолын алып шықтық. Қыздың қолын, саусақтарын қайта жинадық. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Қан айналысын жақсарту мақсатында оны барокамераға қостық. Жағдайы орташа деп бағалануда",- деді Керім Беерманов.

Қазір қыздың қолының қан айналысы қалпына келтіріліпті. Дәрігерлер оңалу үш-алты айдан кейін болатынын хабарлады.

Отаны хирург Ақбар Жороев бригадасымен бірге жасаған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel