RU
Ақтаулық бодибилдер Өзбекстанда өткен чемпионатта жеңімпаз атанды (фото, видео)
Жаңалықтар Спорт

Ақтаулық бодибилдер Өзбекстанда өткен чемпионатта жеңімпаз атанды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтаулық бодибилдер Нұрсұлтан Амантай Өзбекстанда өткен чемпионаттың алтын жүлдегері атанды. Бұл туралы спортшы өз Instagram парақшасында мәлімдеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Бодибилдинг пен фитнестен өткен ашық біріншілікте қазақстандық 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен.

Сайыс 25 қараша күні аяқталып, жеңімпаздар да сол күні анықталған екен. Нәтиже бойынша отандасымыз алтынды қанжығалап, жарыс жеңімпазы атаныпты.

500 спортшы қатысқан бұл жарыста Нұрсұлтан Амантай Маңғыстау облысының намысын қорғаған екен. Жеңіске жеткен спортшыны өз өңірінде жақындары күтіп алған.

Спортшының пікірінше, бодибилдинг тек спорт түрі ғана емес, ол - өз дене бітіміңе қайталанбас мүсін беру өнері.

Ағылшын тілінен аударға бұл сөз "денені құрастыру" деген мағына береді. Сондықтан бұл іске де өте көп күш-қайрат қажет екен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel