RU
"Канело" Головкинмен үшінші рет жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді
Жаңалықтар Спорт

"Канело" Головкинмен үшінші рет жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

WBA мен WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес болашақта үшінші рет Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге қарсы емес екенін мәлімдеді. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

kazaknews.kz

Фото:kazaknews.kz

Боксшылардың бірінші жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталса, екінші кездесу төрешілердің шешімімен Мексика азаматының жеңісімен аяқталған болатын.

"Канело" 15-ші желтоқсан күні Нью-Йорк қаласында екінші орта санаттағы әлемнің "тұрақты" чемпионы Рокки Филдингпен кездесу өткізеді.

"Головкин қалағанын істей алады. Мен өз міндетімді орындадым. Болашақта көре жатармыз. Үшінші рет кездесу өткізуге дайынмын. Екі рет жұдырық түйістірдік, үшінші рет неге ұйымдастырмасқа", - дейді Сауль Альварес.

Боксшы суперорта салмақта жеңімпаз атанып, қайтадан 160 фунт салмаққа оралуды жоспарлап отыр екен. The Ring журналына берген сұқтабында боксшы Мэдисон Сквер Гарденде табынушыларына тамаша жекпе-жек көрсетіп, кездесуді нокаутпен аяқтауға тырысатынын мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетейік, Головкиннің промоутері "Канеломен" үшінші жекпе-жек қашан өтетінін мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel