RU
"Біріншісіне жетпейді": Сәдуақасованың клипі жұрттың көңілінен шықпаған (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Біріншісіне жетпейді": Сәдуақасованың клипі жұрттың көңілінен шықпаған (видео)

Рассказать Вконтакте

Мәдина Сәдуақасова осыдан бірнеше апта бұрын "Жұлдыздармен сырласу" атты ән түсіріп, көпшіліктің қолдауына ие болған еді. Сол клиптегі екі ғашықтың оқиғасын жалғастырып, екінші бейнебаян түсірген әншінің бұл жолғы туындысы жұрттың көңілінен шыға қоймаған деп жазады NUR.KZ.

Мәдина Сәдуақасова. Фото: Видеодан кадр

Мәдина Сәдуақасова. Фото: Видеодан кадр
Source: Instagram

Әншінің оқырмандары мен тыңдармандары "Алыстама" атты екінші клиптің ұнамағанын айтып, жарыса пікір қалдырған.

"Ренжімеңіз, бірақ біріншісіне жетпейді", "Сөмкесін сүйретті де жүрді", "Екіншісінде екеуі отбасылы болатын шығар деп күткенмін".
"Әніңіз бір жақта, клипіңіз бір жақта", "Мына клипке ырғақты әуен келмейді", "Біткен іске сыншы көп дейді ғой. Бірақ ренжімеңіз, әніңіз де, клипіңіз де көңілімнен шықпады".
"Айлили - айлилəуы несі? Бірінші клипті қайталамау керек еді. Ұшқыштардың ұша бергенін емес, отбасылы өмірін көрсеткеніңізде ғой", "Мыны кісі бастарынан өткен қандай оқиғасын айтып отыр? Айтатын оқиғасы бар ма?", "Қырыққа келіп, өзін 18 жастағыдай сезінгені несі?", "Қысқа киіміңіз ұят екен", деп жарыса пікір білдірді.

Айта кетейік, әншінің клипі үш апта ішінде 700 мыңға жуық қаралым жинаған.

Естеріңізге сала кетейік, Мәдина Сәдуақасованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel