RU
Аида Балаева: Денис Теннің қазасын естігенде екі-үш күн бойы жыладық
Жаңалықтар Қоғам

Аида Балаева: Денис Теннің қазасын естігенде екі-үш күн бойы жыладық

Рассказать Вконтакте

Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева VІІІ Азаматтық форумда сөз сөйлеп, көптің көкейінде жүрген мәселелер мен мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасына қатысты ойымен бөлісті деп хабарлайды baq.kz.

Фото: baq.kz / Бауыржан Жуасбаев

Фото: baq.kz / Бауыржан Жуасбаев
Source: Depositphotos

Балаеваның айтуынша, ол Қазақстанды бүкіл әлемге танытқан жарық жұлдыздың мерт болғанын естігенде үш күн бойы көз жасын тыя алмапты.

"Денис Тен мен Абай ауданындағы баланың зорлану жағдайын ең алдымен, адам, ана ретінде қабылдадым. Ол өте тәрбиелі, ақжарқын әрі мейірімді жігіт болатын. Біз онымен бірге "Денис және достары" атты мұз айдынындағы шоуын әзірлеген едік. Мен үшін бұл қайғылы оқиға болды. Ол кезде мен демалыста едім. Қызым екеуміз екі-үш күн бойы жыладық. Себебі, өмірге құштар жігіттің видеосы мен пікірін жыламай қарау мүмкін емес еді", - дейді ол.

Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің қызметкері елді дүр сілкіндірген Абай ауданындағы мектеп оқушысының зорлық оқиғасы туралы да үнсіз қалмады.

"Біз күнделікті тірлікте бәрі де дұрыс шығар деп жүреміз. Бірақ, мұндай жағдайлар өкінішке қарай болып жатады. Осы ретте ұйымдар мен қоғамдық көшбасшылар бұл жағдайды бақылауға алып, қолдан келгеннің бәрін жасады. Кінәлілер жауапкершіліктен жалтарып кеткен жоқ", - деді Балаева.

Сөз соңында ол қайғылы оқиғалардың халық үшін сабақ болуы керектігін айтып өтті. Қанша ауыр болса да өмір көші тоқтап тұрмайтынын, тек өткенге қарап бой түзеп, алға қарай ұмтылу маңызды екенін алға тартты.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel