Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамдар әлемдегі ең танымал сарайға баруға неге қорқады?

Опубликовано:

Канадада орналасқан "Fairmont Banff Springs Hotel" қонақүйі көпшілікке тек қана әсемдігімен емес, мистикалық оқиғаларымен танымал. Бұл сарайда түнеген кез келген адам дәлізде жүрген аяқтардың дыбысы мен қабырғалардан күлген дауыстарды естиді екен. Аруақтар арпалысатын сарайдың жантүршігерлік жұмбақтарын Ok.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Фото: Коллаж NUR.KZ
Фото: Коллаж NUR.KZ: Facebook

1. Қарғыс атқан 873-ші бөлме

Фото: Ok.ru/ Экспедиция
Фото: Ok.ru/ Экспедиция: Instagram

873-ші нөмір туралы айтылған аңызға сүйенсек, ғимаратты салып жатқан құрылысшылар бөлмелердің біріне есік, терезе салуды ұмытып кеткен. Басшылардан қорыққан қызметкерлер оны жасырып, құпия бөлме етіп қойған екен. Бірақ уақыт өте көрші бөлмелерге қонған адамдар белгісіз елестер мен дауыстарға арыздана бастапты.

Бұл жағдай 1926 жылы, қонақүйден өрт шыққанға дейін жалғасқан. Сол жылы өрт сөндірушілер ғимаратта құпия бөлме болғанын анықтаса, жұртшылық онда өлген құрылысшылардың рухтары мекендеген деп топшылаған көрінеді.

Екі жылдан соң қайта жөндеуден өткен қонақүйде бұрынғы құпия бөлменің орнына 873 нөмірі жазылған. Сол уақытта түнделетіп сенделген рухтар аз уақытқа жоғалғанымен кейін қайта бой көрсете бастапты.

Ал бір күні бұл бөлмеде ер адам өз жұбайы мен кішкентай қызын өлтірген екен. Содан бері 873-ші бөлмеде түнейтін меймандар түнде балалардың саусақтарын көріп, шыңғырған дауыстар еститінін айтқан.

Тіпті, қазіргі күнге дейін бірде-бір қонақүй қызметкері айнадан бүлдіршіннің саусақ іздерін өшіре алмапты.

Сарай қонақтарының жалпы өтініштері бойынша 873-ші нөмірлі бөлме жабылған екен. Ол тіпті, тіркеу журналынан да жоғалыпты. Алайда көрші бөлмеде түнейтін қонақтар әлі күнге дейін үстелде кішкентай қыз жылап отыратынын айтатын көрінеді.

2. Мейірімді шал

Фото: Ok.ru/ Экспедиция
Фото: Ok.ru/ Экспедиция: Instagram

"Banff Springs" қонақүйінде бірнеше жыл жұмыс істеген Сэм Макколидің рухы әлі де қонақүйден кетпеген. Өйткені, бұл қызметкер көзі тірісінде сарайды күзетіп, қысы-жазы осы ғимараттың айналасында жүрген. Ол сол уақыттың өзінде өлген соң да сарайды күзететінін айтыпты. Азамат жұмыстан шыққан соң үйіне қайтып, соңғы жалақысын алмай көз жұмған деседі.

Бүгінде дәлізде жүретін ақ шашты шал кілттерін жоғалтқан адамдарға есік ашып, көмектесетін көрінеді. Тіпті, қарапайым жұмысшы сияқты адамдардың жүктерін көтеріп, қолғабыс етеді екен. Алайда қонақтар ақша ұсына бастағанда шалдың ауада жоғалып кететінін айтады.

3. Түнде билейтін қалыңдықтың елесі

Фото: Ok.ru/ Экспедиция
Фото: Ok.ru/ Экспедиция: Instagram

Аңыздарға сүйенсек, 1930-шы жылдың басында қонақүйде дүбірлі той ұйымдастырылған. Алайда ол уақытта бақытты күннің соңы өшпес қайғыға айналатынын ешкім сезбесе керек. Сол күні салтанатты жиында баспалдақтан түсіп келе жатқан қалыңдықтың көйлегі отқа тиіп, тұрған жерінде өртеніп кетеді. Содан бері бойжеткеннің елесі дәліздерді кезіп билеп, баспалдақтан өлген күндегі әрекетін қайталай беретін көрінеді.

4. "Қызыл киімдегі бикеш"

Фото: Ok.ru/ Экспедиция
Фото: Ok.ru/ Экспедиция: Instagram

1944 жылы қонақ үйдің маңында жантүршігерлік жол апаты болған. Оқиға орнында тіл тартпай кеткен арудың рухы жылдам келген өлімге сене алмай, елеске айналған екен. Содан бері "Қызыл киімдегі бикеш" лифтіде бой көрсетіп, қонақүй меймандарын қорқытатын көрінеді. Ол сарайдың маңында шыңғырған дауыстар шығарып, жұрттың үрейін алады екен.

"Banff Springs" жұмбақтарының тізімін жалғастыра беруге болады. Кейбір скептиктер бұл әңгімелерді "жарнама жолдары" деп түсіндіргенімен, түнеген адамдар расымен де елестерді кезіктіргенін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1765867-adamdar-lemdegi-e-tanymal-sarajga-baruga-nege-korkady/

pixel