RU
Алып акула сүңгуірдің басын жұлып ала жаздады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Алып акула сүңгуірдің басын жұлып ала жаздады

Рассказать Вконтакте

Багам аралдарында суасты әлемін зерттеуге шыққан америкалық азаматтың басын екі метрлік акула тістеп алды. Жыртқышқа таланып, қансыраған сүңгуірді досы видеоға түсіріп тұрыпты. Бұл туралы vesti.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: vesti.ru

Фото: vesti.ru
Source: Getty Images

Оңтүстік Каролина тұрғыны Уилл Краузе сегіз метр тереңдіктегі олжасын іздеп жүргенде алып акула оған тап береді. Жыртқыш 29 жастағы азаматтың басын тістеп алғанымен, өз бағытымен қайта жүзіп кетеді.

Уиллдің әріптестері бірден оны кемеге көтеріп, алғашқы көмек көрсеткен.

"Есімде бар қалғаны басымды тістегенде шыққан дыбыс. Өте жағымсыз естілді", - дейді азамат.

Дәрігерлер Уиллге бас сүйек миының жарақаты диагнозын қойып, оның жеңіл жарақатпен құтылғанын айтқан.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel