RU
Павлодарда екі бүлдіршін қайнаған шәйнектегі суға күйіп қалды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Павлодарда екі бүлдіршін қайнаған шәйнектегі суға күйіп қалды

Рассказать Вконтакте

Павлодар қаласында екі бүлдіршін термиялық күйікпен облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жеткізілген. Бұл туралы pavlodarnews сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

bezmedikov.ru

Көрнекі фото:bezmedikov.ru
Source: Facebook

Павлодар қаласының жедел жәрдем операторына күйік туралы екі шақырту түскен екен.

"Екі жасар бала кездейсоқ қайнап тұрған шәйнекті абайсызда аударып алған екен. Соның салдарынан аяқтарының үш пайызын екінші дәрежелі күйік шалған", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Ал екінші жағдайда тоғыз жасар баланың оң жақ білегінің бір пайызын күйік шалған екен.

Балалардың екеуі де облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылған.

Балалардың қазіргі жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel