Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оңай емес": Шаһизада 33 жыл бойы диета ұстаған

Опубликовано:

Жасы 50-ден асқан отандық әнші Шаһизада 33 жылдан бері диета ұстап келе жатқанын мәлім етті деп жазады "Хит-тв" арнасының "Headliner" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шаһизада. Фото: musical.kz
Шаһизада. Фото: musical.kz: Instagram

Әнші өзінің неліктен жас көрінетінін жасырмай айтып берді.

"Диетада жүргенімізге 33 жыл болды. Оңай емес, өте қиын. "Жас жігіттер 40-қа енді келетін сияқтысың" деп айтады. Диета ұстағысы келмейтіндер бар шығар. Кей әншілер "Бір-ақ рет өмір сүреміз. Ананы жеймін. Мынаны жеймін" деп жатады. Бірақ мен олай істей алмайды екенмін", - деді өзінің құпиясымен бөліскен әнші.

Бүгінде салмағы 68 келі әнші дұрыс тамақтануға ден қойған екен.

"Демалысқа барып келсем, бес келідей салмақ қосып аламын. Сосын оны қайта тастау үшін жұмыс істеймін. Дастарханға бесбармақ алып келсе, тек бір-екі етін жеймін. Күнде таңертең ұйқыдан ояна сала жылы су ішіп аламын. Балмен су ішемін. Бұл өте пайдалы", - дейді Шаһизада.

Айта кетейік, Шаһизаданың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1765891-oaj-emes-saizada-33-zyl-bojy-dieta-stagan/

pixel