Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Порошенко: Елімізге Ресей Федерациясымен соғыс қаупі төніп тұр

Опубликовано:

Украина президенті Петр Порошенко украиналық телеарналарға Азов теңізіндегі ахуал жайында сұқбат берді. Оның сөздерін ресми интернет-өкілдік жариялаған деп жазады NUR.KZ.

strana.ua
Фото:strana.ua: Facebook

Президент 25 қараша күні Керчь бұғазында Ресейлік әскерилерінің украина теңізшілері мен кемелеріне шабуылдап, тұтқынға алғанын алға тартты.

Президенттің айтуынша, Ресей тарапынан мұндай басқыншылық әрекет соңғы төрт жарым жылда болмаған екен. Сондықтан Ресейдің Украинаға басып кіру қаупі сақталған.

Украина басшысы барлау ақапараттарын және спутник суреттерін көрсеткен.

Бұған Украина шекарасынан 18 шақырым жерде орналасқан ресейлік әскери базада қару-жарақ, әскери техника, танктер және әскери жауынгерлердің көбеюі дәлел бола алады екен.

Президент Керчь каналының аумағында да кемелер саны көбейгенін атап өтті. Бұл арнайы мақсатпен жасалған әрекет болғанын дәлелдейді дейді.

Соған байланысты ел жауынгерлік дайындыққа көшіріліп, әскери жағдай жарияланған.

"Сондықтан ешкім мұны ойыншық деп ойламасын. Елімізге Ресей Федерациясымен толық масштабты соғыс қаупі төніп тұр", - дейді Порошенко.

Сонымен қатар президент Украинаның ӘӘК-нің халықаралық келісімдер мен нұсқауға сай әрекет еткендеріне ерекше тоқталды.

Ресей шекарашылары кемелерді батыру мақсатымен соққаннан кейін Одессаға қайту туралы бұйрық берілген.

Порошенко жанжалдың шекарада емес, бейтарап суларда болғанын мәлімдеді.

"Кемелер зардап шекті, теңізшілер жараланды. Шабуыл жасалған кезде біздің азаматтар тек қана өздерін қорғаған. Ресей шекарашыларының істері біздің жақ оқ жаудырып, олардың біреулерін жаралауға итермелейтін арандатушылық әрекет болғанына сенімдімін. Содан кейін 2008 жылы Грузиядағы жағдай қайталанатын еді", - деді Украина президенті.

Қақтығысқа қатысқандардың бір-бірімен сөйлескен сөздерінің жазбаларына қарағанда оқ жаудыру бұйрығы жоғарғы жақтан берілген. Мұны президент "өлтіруге берілген лиценция" деп атады.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қараша күні Керьч бұғазында ресей қауіпсіздік қызметінің шекарашылары мен үш украиналық кеме арасында қақтығыстан кейін елде әскери жағдай жарияланған болатын.

Ресми Мәскеу Украина флотының Ресей шекарасын бұзғандығын, ескерту мен тоқтау бұйрықтарына мән бермегендерін мәлімдеді. Сондықтан да кемелерге оқ атылған екен.

Украина тарапы өз кезегінде шекараның бұзылмағандығын жариялады. Кемелер бір порттан екіншіге бара жатқан кезде басқыншылық әрекетке тап болған екен.

Аталмыш факті бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиыны өткізілді.

Ал Қазақстан Ресей мен Украинаны келісімге келуге шақырған болатын.

Әлеуметтік желілерде командование мен тараптардың келіссөздерінің жазбасы, сонымен қатар украиналық кемені соққан сәттің видеосы жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1765896-porosenko-elimizge-resej-federaciasymen-sogys-kaupi-tnip-tr/

pixel