RU
Белоруссияда 31 жастағы риэлтор өлім жазасына кесілді
Жаңалықтар Әлемде

Белоруссияда 31 жастағы риэлтор өлім жазасына кесілді

Рассказать Вконтакте

Белоруссияда 31 жастағы риэлтор пәтерлерге ие болу мақсатында бірнеше адамды өлтірді деп айыпталып, өлім жазасына кесілді. Бұл туралы delfi.lv сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: oxu.az

Көрнекі фото: oxu.az
Source: Instagram

Семен Бережной тағы үш әріптесімен бірге 2009-2015 жылдар аралығында алты адамның өлімін ұйымдастырған. Олар жалғыз тұратын егде жастағы пәтер иелерін іздестіріп, қариялардың мүлкін иемденіп келіпті. Содан кейін оларды өлтіріп, кейбірін тіпті, тірідей көміп тастаған.

Сот мәліметіне сүйенсек, "қайырымды риэлторлар" алдымен пәтер иелерінің коммуналдық төлемдерін өтеуге, азық-түлік алуына және басқа да шаруаларына көмектесіп, әбден сенімдеріне кіріп алған. Содан кейін оның баспанасын басқа үйге ауыстыруға көндіріп, жақсы ұсыныстарын айтады.

Ол үшін өздері бір күнге пәтер жалдап, қарияларды сол жерге алып барып, "жаңа үйіңіз осы" деп таныстырады екен.

Ал ескі баспанасын иемденіп, құжаттарға қол қойғызып алған соң құрбандарының көзін жойып отырған.

Сіздің реакцияңыз
1
4
7
3
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel