RU
Назарбаев: Қазақстанда қазір бәрі бар, тек ақша керек
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев: Қазақстанда қазір бәрі бар, тек ақша керек

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Астанада өтіп жатқан Азаматтық форумда сөз сөйлеп, өзінің еңбекке төзімділігі туралы еске алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Zakon.kz

Фото: Zakon.kz
Source: Getty Images

"Болат қорытушы мамандығын берген техникалық білім ордасы мені өсірді. Ауылдан шыққан, соғыстан кейінгі кедейшілікті бастан кешіріп жүрген бала едім. 15 жасқа дейін киіміміз бүтін болып не тамағамыз тойып жүрген күн есімде жоқ. Мүмкін сол себепті денсаулығымыз да мықты болған шығар. Сосын домна пешінің алдындағы ауыр жұмысқа келдім. Арқаңнан минус 40 градус, алдыңнан 1000 градус ыстық ұрып тұрады", - дейді Елбасы.

Сол себепті Назарбаев барлығын көтеретін шыдамдылықтың қажет болғанын айтады. Қазіргі жастарды да еңбекке әбден пісіру керек, өмірде барлығын жеңіп үйренген дұрыс деп санайды ол.

Мемлекет басшысының сөзіне сүйенсек, бұрындары шенеуніктер үкіметтік емес ұйымдардың бастамасын қабылдауға қиналып, оны кедергі келтіру ретінде көретін.

"Кеңес дәуірінен келе жатқан тәрбие осылай болды. Біз туыла салып балабақша, одан кейін мектеп, жұмыс, барлығын мемлекет дайындап бергенге үйреніп қалғанбыз", - дейді президент.

Сондай-ақ көшбасшы Тәуелсіз Қазақстанды құрғанда ең қиыны халықтың санасын өзгерту болғанын жеткізді.

"Адамдар енді ғана өзі үшін өзі еңбектену керектігін түсініп келеді. Қазір Қазақстанда барлығы бар, тек ақша керек. Ал ақша болу үшін жұмыс істеу қажет", - деп сөзін қорытты ол.
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel