RU
29 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

29 қарашаға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Бүгін жаңа нәрсе үйренетін күн. Кез келген ақпарат жақсы қабылданып, есте сақтау қабілетіңіз артады. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 29 қарашаға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

fakty.ua

Көрнекі фото:fakty.ua
Source: Facebook

1. Тоқты

Бүгін міндеттеріңізді жақсы орындау үшін сізге жоғары уәждеме қажет болады. Бірақ ерінбей, бар күшіңізді салсаңыз, тамаша нәтижелерге қол жеткізесіз.

2. Торпақ

Бүгін сіз тыныш жұмыс пен қызу пікірталас арасынан таңдау жасайтын боласыз. Екі жағдайдың да өз артықшылығы мен кемшілігі бар. Жеке жұмыс істеген сізге оңай болады, бірақ нәтижелерге көңіліңіз толмауы мүмкін. Ал ұжымда жұмыс істеу қиынға соқса да, нәтижелері сізді қуантады.

3. Егіздер

Бүгін сізді ұйқы басып, жабыраңқы көңіл-күй мазалайтын болады. Бірақ белсенді әрекет етпесеңіз, күні бойы ұйқылы-ояу күй кешесіз. Өзіңіздің көңіліңізден шығатын іс тауып, сонымен айналыссаңыз дұрыс болады. Бірақ күнделікті міндеттеріңізді де ұмытпағаныңыз жөн.

4. Шаян

Бүгін сіз барлық нәрсеге келісесіз, сондықтан сапарға немесе қандай да бір шара ұйымдастыруға сізді көндіру қиынға соқпайды. Күнделікті зеріктіретін жұмыстарды орындағыңыз келмей, қиын болса да, қызықты жұмыстарға құлшына кірісесіз. Бұл істерді үлкен ұжыммен бірлесе атқарсаңыз тіптен жақсы болады.

5. Арыстан

Бүгін бұл зодиак белгілері мектеп кезін естеріне түсірсе жақсы болады. Сүйікті пәнін еске түсіріп, алған білімін көрсете білсе, жоғары баға алады. Дарыны мен білімін көрсетудің мүмкіндігі туып тұр.

6. Бикеш

Бүгін сізді сапарлар, қызықты адамдармен таныстықтар және жаңа әсерлер күтіп тұр. Қандай да бір жерге бару мүмкіндігі туса, ойланбастан келісіңіз. Тіпті бұл қарапайым дәмхана немесе кинотеатр болса да.

7. Таразы

Бүгін сіз кенеттен екі ойлы болып, кеңеске мұқтаж боласыз. Ең бастысы, бір нәрсені білмеу күнә емес екенін, дер кезінде кеңес сұрауға болатынын естен шығармаңыз.

8. Сарышаян

Бүгінгі күнді рухани дамуға, медитацияға, көмекке мұқтаж жандарға көмектесуге арнаңыз. Сонымен қатар, жұлдыздар бүгін жаман әдеттерден арылып, тамақтануыңызға көңіл бөлуге шақырады. Мешкейлікке салынбаңыз, мүмкіндік болса, ағзаңызды тазарту жұмыстарын жүргізіңіз.

9. Мерген

Бүгін жаңа іс бастауға мүлдем болмайды, әйтпесе шығынға батасыз. Одан да бұрын бастаған жобаларыңызды аяқтаңыз. Сонымен бірге, нар тәуекелге бармаңыз.

10. Тауешкі

Бүгін пайдалы мен жағымды нәрселерді үйлестіре аласыз. Өзіңізді дамытып немесе бір нәрсе үйрететін курсқа жазыласыз, қомақты ақша сомасын табасыз, қажетті байланыстар орнатып, бизнес-жоспар құруыңыз мүмкін. Сонымен қатар, отбасыңызға көңіл бөліп, сүйіктіңізді тосынсыймен қуантып, уақытты көңілді өткізесіз.

11. Суқұйғыш

Бүгін қаржы мәселесінде абай болыңыз. Әсіресе қаржылық салымдар, айла-шарғы әрекеттерден сақтаныңыз. Сенімді адам келіп, тиімді ұсыныс жасаған күннің өзінде келіспеңіз. Себебі үлкен шығынға батуыңыз мүмкін, соңында өзіңізден басқа ешкімді кінәлай алмай қаласыз.

12. Балықтар

Бүгін өзіңізді жайсыз сезініп, ештеңені өзгертуді қаламайтын боласыз. Көңіліңізді түсірмеңіз. Уайымдағанның орнына өзіңізді дамытумен, үй шаруасымен айналысыңыз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel