RU
Назарбаев: Егер өмір қиындап кетсе, зираттарды аралап қайт
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев: Егер өмір қиындап кетсе, зираттарды аралап қайт

Рассказать Вконтакте

Елбасы Астанадағы Азаматтық форумда өмірге шағымдана беретін адамдарға айығудың жолын айтты. Мемлекет басшысы ауырып жүрген жандар мен тастанды балаларға, қарттарға өмір әлдеқайда қиынырақ екенін жеткізді. Сол үшін Нұрсұлтан Назарбаев өмір қиындап кетсе, аурухана мен зираттарды аралап қайту қажеттігін ескертті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: vestnikkavkaza.net

Фото: vestnikkavkaza.net
Source: Facebook

"Біз үнемі бір нәрсе жетіспейді деп шағымданамыз. Егер өмірің қиындап кетсе, ауруханаға барып қайт. Болмаса, зираттарды арала. Онда жатқан адамдарға әлдеқайда қиын.
Біз аяқ-қолымыз сау болса да, бәрін қиындатып жібереміз. Өзіңді қолыңа ал, өмірде бәрі мүмкін. Өзіңді жұмыс істеуге итермеле, жастарды да осыған үйрету керек", -деді Елбасы.

Мемлекет басшысы бүгінгі күні көп кәсіпкерлердің балалар мен қартайған жандарға көмек беріп жүргенін ізгілікке балады.

"Біз ешқашан қартаямыз деп ойламаймыз. Барлықтарың қартаясыңдар. Бүгін жас болғандықтан алда әлі мың жылдай бар болып көрінеді.

Бұл уақыттың қалай тез жеткенін өзің байқамай қаласың.

Бізде қарттарға, ата-анамызға қамқорлық көрсету деген түсінік бар. Бірақ қарттар үйіне барып, онда жатқан кісілерді көргенде менің жүрегім ауырады. Олардан туыстарың бар ма деп сұрасаң, теріс қарап жылайды",- деді Назарбаев.

Президент қарттар үйі мен балалар үйін біріктіру туралы ұсыныс бар екенін де атап өтті.

"Қартайған адамдар өздері сұранатын үйлер бар. Немерелері бар болғанмен олар өз қатарластарымен сөйлескісі келеді. Ал мемлекет ол үшін бар жағдайды жасайды.
Қазір балалар үйі мен қарттар үйін қосу туралы ұсыныс түсті. Яғни, олар балалармен де уақыт өткізеді, өздеріне де жақсы болады. Қарттарға қамқорлық таныту керек", -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel