RU
"Плагиатчик": Отандық блогер Қайрат Нұртастың масқарасын шығарды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Плагиатчик": Отандық блогер Қайрат Нұртастың масқарасын шығарды (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық блогер Youtube парақшасында еліміздегі ең танымал әнші Қайрат Нұртастың қадірін түсіретін бес жағдайды атап өтті. Danny Y есімді блогер өз жазбасында отандық әртістің хит әндерінің шетелдік нұсқаларын көрсеткен деп жазады NUR.KZ.

Блогер осыған дейін әнші жайлы ақпараттарды жинаған.

1. Қайрат Нұртасты тек Қазақстанда тыңдайды.

"Қайрат Нұртасты тек қазақ тілінде ән салатын болғасын көпшілік жақсы көреді. Бірақ оны Ресейде, Америкада, жалпы шетелде ешкім тыңдамайды. Ал 91 тобы да қазақ тілінде ән айтады. Бірақ оларды бүкіл әлем таниды ғой", - деді блогер.

2. Әншінің "Прайм плазадағы" оқиғасы.

"Қайрат Нұртастың Прайм плазадағы шуы мені қайран қалдырды. Сол күні әнші тыңдармандарына назар аудармастан, сахнадан кетіп қалды. Ол ашулы тыңдармандарын сабырға шақырса да болатын еді. Қайрат тіпті сол шу үшін Алматы әкімінен кешірім сұрады. Бұл кінәсін мойындағаны емес пе?", - деді Danny Y.

3. Әншінің әндері шетелдік жұлдыздардың көшірмесі.

Қайрат Нұртастың "Ауырмайды жүрек" әні Маша Распутинаның "Отпустите меня в Гималаи" әніне өте қатты ұқсайды. Сондай-ақ "Ойлама" әні үндістандық "О Jaana" туындысына, "Кешегі" өлеңі армиян әншісі Silva Hakobyan-ның туындысына ұқсас. "Шағала қыз" әні де армяндық Lilit Hovhannisyan-ның әніне айнымайтыны белгілі болды.

Тіпті әншінің Youtube каналын да осыдан үш жыл бұрын жауып тастаған.

4. Әншінің дипломы жайлы.

"2018 жылдың жазында ЕНУ доценті Мырзантай Жақып сабаққа келмейтін жұлдыздардың диплом алуына өз қарсылығын білдірген болатын. Қайрат Нұртас қана емес, бұл тізімде Мейрамбек Бесбаев пен Жанар Дұғалова да бар.

"Қызық, әнші магистратурасының дипломын қалай қорғаған екен?", - деп таңғалды блогер.

5. Қайрат Нұртастың осыдан біраз жыл бұрын желіге таралып кеткен балағат сөздері бар видеосы.

"Әлеуметтік ғылымдар магистрі атанған Қайрат Нұртас бос уақытында осылай демалады екен. Бірақ хитменнің аузынан шыққан мұндай сөздер жағымды естілмейді. Мен бұл видеолармен біреулерді қорлайын деп ойламадым. Бар болғаны таралған ақпараттарды мысал еттім", - деп сөзін аяқтады Danny Y.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Нұртастың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
40
3
12
2
1
35
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel