RU
"Ұят емес": Назарбаев некесіз бала туған жалғызбасты аналарды жақтады
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Ұят емес": Назарбаев некесіз бала туған жалғызбасты аналарды жақтады

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев елордада өтіп жатқан Азаматтық форумда некесіз бала көтеріп, сәбиден құтылғанша асығатын қыз-келіншектерге қатысты пікір білдірді. Елдің "ұят" дегенінен қорқатын әйелдерге президент қолдау көрсетіп, ана болудың ұят емес екенін айтты деп жазады NUR.KZ.

"Ұят ештеңесі жоқ": Назарбаев жалғызбасты аналарға қолдау білдірді

Фото: Ақорда
Source: Instagram

"Өмірде әртүрлі жағдай болады. Қыз баланың тұрмысқа шықпай бала туғаны бізде ұят саналады. Мұнан бөлек олар туған баласын неге тастап кетеді? Себебі олардың барар жер, басар тауы қалмайды. Үй жоқ, жұмыс жоқ.

Неге бізде ажырасу 25-30% пайызға жетті? Себебі біз балаларды осыған дайындамаймыз. Балалар өскенде мұндай жағдайларға дайын болмайды. Ал қыз баланың аяғы ауыр болып қалса, не болады? Біздің қазақтарда "ұят" деген сөз бар.

Бірақ басқа елде қыз бала 13-14 жасқа келгеннен бастап, психологтар арнайы жұмыс істей бастайды.

Біздің психологиямызды өзгерту керек. Бала туғанның еш ұяты жоқ. Ол - табиғат заңдылығы", - деп мәлім етті Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы Қазақстанда аналар үйінің қажет екенін айтты. Мұндай үйлер жас ананың баласынан бас тартпай, жұмыс істеуіне, аяғынан тік тұруына көмек көрсетеді.

Айта кетейік, елбасы осыған дейін жастарға кеңес айтқан болатын.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel