RU
Ақтау әкімі қол астындағыларға көп жұмыс істеткені үшін ескерту алды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ақтау әкімі қол астындағыларға көп жұмыс істеткені үшін ескерту алды

Рассказать Вконтакте

Ақтау әкімі Ғалымжан Ниязовқа қол астындағы қызметкерлерінің басқа мемлекеттік органдарға қарағанда көп жұмыс істейтіні үшін ескерту жасалды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: e-kyzylorda.gov.kz

Фото: e-kyzylorda.gov.kz
Source: Instagram

Маңғыстау облыстық МҚІСЖҚІА департаменті жергілікті мемлекеттік органдардың ішінде жұмыс уақытынан тыс кезде кеңседе ұзақ отыратын қызметкерлер қатарында Ақтау әкімдігі мен оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысшылары бар екенін мәлімдеді.

Олардың 36,3 пайызы жұмыс уақытынан соң кеңседе қалатындарын айтса, 28, 8 пайызы демалыс күндері жұмыс істейтінін жеткізген. Бұл сандар басқа мемлекеттік органдармен салыстырғанда өте жоғары болып табылады.

Мәселен, қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде басшылық тарапынан берілген тапсырмалардың көптігінен, жұмыстан тыс уақыта кеңседе ұзақ отыратындықтан және демалыс күндері жұмыс істейтіндіктен төрт қызметкер өз еркімен жұмыстан шығып кеткен.

Жұмыс уақытынан тыс кезде еңбек ететін мекемелердің қатарында облыстық әкімдіктің білім, мәдениет, спорт, қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары бар.

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 89-бабына сәйкес жұмыс берушілерге қатысты жұмыс уақытының нормаларын асыра пайдаланғаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Егер заңды талаптар орындалмаса, мемлекеттік органдардың басшыларына айыппұл салынады. Ақтау әкімі әдеп жөніндегі кеңеске шақырылып, ескерту жасалды", - деді облыстық МҚІСЖҚІА департаменті басшысының орынбасары Ерлеген Меңдалиев.
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel