RU
Автобус ішінде темекі шеккен алматылық тұрғын жұрттың ашуына тиді
Жаңалықтар Қоғам

Автобус ішінде темекі шеккен алматылық тұрғын жұрттың ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Алматы тұрғынының автобус ішінде темекі шеккен сәті Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында тарап кетті. Ірі денелі ер адамға қоғамдық көлікте ешкім тоқтау салмаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр
Source: Instagram

Видеодан бұзақылық жасаған ер адамның алдында отырған арудың басқа орынға ауысқанын байқауға болады.

"120 автобус ішінде болған ба? Сонда бір адам мына кісіге тоқтау салмағаны ма? Бірнәрсе айтсаң, мына кісі ұрып жіберуден тайынбайтын секілді", - деп жазған kris_p_almaty парақшасының админі.

Ал желідегілердің бір тобы ер адамды ішімдікке тойып алған деп болжады.

Сондай-ақ, кей желі қолданушылары ер адамды тауып, әкімшілік жазаға тартуды және айыппұл салуды ұсынды.

Кейбіреулер тіпті бұзақылық жасаған адамды қоғамдық жұмысқа жегу керектігін де айтты.

Сіздің реакцияңыз
4
3
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel