RU

Австралияда бойы 2 метр болатын алып сиыр әлем назарын аударды (видео)

Автсралияда Никерс атты сиыр елдегі ең ұзын бойлы жануар ретінде тіркелген. Бұл туралы Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: oxu.az
Фото: oxu.az: UGC

Дереккөз мәліметіне сүйенсек, алып жануардың бойы 194 сантиметр, ал салмағы 1,4 тоннадан асады екен.

Сиыр иесі Джоф Пирсонның айтуынша, бұл бұқа тұқымдас жануардың бір түрі. Сондықтан ол туыла сала ірі денесімен көзге түскен.

Қазір азамат оны союға не сатуға қимай, анағұрлым кіші денелі сиырламен бірге асырап отыр.

Бүгінде Пирсонға хабарласып, Никерс туралы сұрайтындар саны көбейіпті.

"Өзім бұлай болады деп күтпеген едім, Күн сайын бірнеше адам қоңырау шалып, сиыр туралы ақпарат сұрайды", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765990-avstraliada-bojy-2-metr-bolatyn-alyp-siyr-lem-nazaryn-audardy-video.html