RU

Синоптиктер: Қазақстанда ауа райы күрт суытады

Мамандар еліміздің басым бөлігінде күн райы бірден суытатынын ескертіп отыр. Алдағы күндері қазақстандықтар нағыз қыс мезгілі келгенін сезінеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: tiranapost.al
Көрнекі фото: tiranapost.al: Getty Images

Қазгидромет орталығының хабарлауынша, қарашаның соңғы күндері мен желтоқсан айының басында күн айтарлықтай суық болмақ.

"29, 30 қараша мен 1 желтоқсанда еліміздің көптеген өңірлерінде қар жауып, батыстан суық жел тұрады", - дейді мамандар.

Ал Оңтүстік өңірде тұман мен көктайғақ күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765998-sinoptikter-kazakstanda-aua-rajy-krt-suytady.html