RU
Орынбор тас жолындағы апаттан ақтөбелік бес адам қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Орынбор тас жолындағы апаттан ақтөбелік бес адам қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Қайғылы жағдай бүгін түстен кейінгі уақытта тіркелген. Орынбор трассасында болған жол апатынан бес адам көз жұмды. Ауыр жарақат алған екі адам "Соль-Илецк" ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Орынбор тас жолындағы апаттан ақтөбелік бес адам қайтыс болды

Көрнекі фото: korrespondent.net
Source: Facebook

"28 қараша сағат 13:50 шамасында Ақтөбе облыстық төтенше жағдай департаментіне хабарлама түсті. "Орынбор- Соль-Илецк" трассасы бойындағы Елшанка ауылының тұсында жол-көлік оқиғасы тіркелген.

"Ман" маркалы автокөлігі мен "Фольксваген Шаран" түйіскен. Нәтижесінде оқиға орнында 5 адам қаза болды.

Тағы екі жолаушы ауыр жағдайда "Соль-Илецк" ауруханасының жансақтау бөлімінде", - деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Қаза болғандардың денесі Орынбор мәйітханасына жеткізілген. Департаменттің мәліметінше, қаза болғандардың барлығы Ақтөбе облысының тұрғындары.

Қазіргі уақытта марқұмдардың денесін Қазақстанға жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.

  • Жол апатынан қаза болғандар:

Маханов Халаби Аббасович 1984 ж.; Қуанов Серік Владимирович 1987 ж.; Тәжімұрат Оразгүл Құрағанқызы 1963 ж.; Елубаева Бағдагүл Тыныштыққызы 1977 ж.; Аралханов Манас Аралханұлы 1987 ж.;

  • Зардап шеккендер: Давлетшина Минур Сайфутдиновна 1950 ж.; Мотненко Констонтин Эуардович 1996 ж..
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
14
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel