RU
Ақтауда қоқыс арасынан жаңа туған сәбидің өлі денесі табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтауда қоқыс арасынан жаңа туған сәбидің өлі денесі табылды

Рассказать Вконтакте

Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан қоқыс полигонынан жаңа туған сәбидің өлі денесі табылған. Қазір полицейле өлі күйде табылған шақалақтың анасын іздестіріп жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

1obl.ru

Көрнекі фото:1obl.ru
Source: Facebook

Қоқыс жинаушы көліктің жүргізушісі Бердаулет Кемалов қаладағы қоқыс контейнерлеріндегі қалдықтарды тиеп, қала сыртындағы қалдықтар полигонына төккен.

Шақалақтың өлі денесін қоқысты сұрыптаумен айналасатын қызметкерлердің бірі тауып алған екен.

Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің "адам өлімі" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, полицейлер сәбиді кім және қай контейнерге тастағанын анықтаумен айналысуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

"Бөтелке жинап жүрген жігіттердің біреуі тауып алған. Сосын полицияға хабарлаған. Мені келесі күні полиция департаментіне шақырды. Мен барлық жүрген жерімді көрсеттім", - деді Бердаулет Кемалов.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel