RU
Қарағандыда ата-аналардан 47 млн теңге жинаған балабақша директоры бес жылға сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда ата-аналардан 47 млн теңге жинаған балабақша директоры бес жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда ата-аналардан 47 миллион теңге жинады деген күдікпен айыпталған балабақша директоры Анна Богатова бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

ekaraganda.kz

Көрнекі фото:ekaraganda.kz
Source: Facebook

Балабақшаның жағдайын жақсарту мақсатында ата-аналардан ақша жинап, сосын қомақты соманы қайтара алмаған директорға қатысты жанжал ағымдағы жылдың наурыз айында шыққан болатын.

Ақшаларын қайтара алмаған 20-дан астам ата-ана сотқа шағымданып, «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалған болатын.

Анна Богатова қылмыстық кодекстің 190 бабы бойынша кінәлі деп табылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар бес жыл мектепке дейінгі балалар тәрбиесіне қатысты коммерциялық және коммерциялық емес мекемелерді басқару құқығы болмайды. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзету мекемесінде өтейді екен.

"Басынан біздің мақсатымыз ақшамызды қайтарып алу емес, оны түрмеге отырғызу болатын. Ол бостандықта қалса, әрекеттерін қайталар еді. Біз осындай жағдай қайталанбау үшін оның сотталғанын қаладық",- деді жапа шегуші Кристина Сатенко.

Маусым айынан бері үйқамақта отырған 32 жастағы Анна Богатова сот залында тұтқындалды. Оның сегіз және алты жастағы балалары бар екен. Сот процесі кезінде күйеуімен ажырасып кетіпті.

"Шығын көлемі өте үлкен. Жапа шегушілер 50 млн теңгеге жуық ақшаларынан айырылып отыр. «Богатова оны қайтарады» дегенге сенбеймін. Әрине, қайтарса қуанар едік. Тек балаларын аяймыз. Бірақ оларға күйеуі мен әжесі алаяқтан да жақсы қарайды деп сенемін",- деді Дарья Шахова.

Анна Богатова Қарағанды қаласында үш балабақша мен мектеп оқушыларына арналған даярлық топты басқарған. Бес жыл бойы жұмыс істеген жекеменшік мекемелерде 250-ден астам бүлдіршін тәрбие алған екен. Қазір мекемелердің бәрі жабық. Тергеу әйелдің жалға алған ғимараттардың да жалға алу ақысын төлемегенін анықтаған.

Естеріңізге сала кетейік, балабақша иесі ата-аналардан қарыз алып, қайтармай қойған болатын.

Айжан Қуаш.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel