RU

Бес жасар балақай кеудесін жерден көтеруден әлемдік рекорд орнатты

Шешенстанның бес жасар тұрғыны Рахим Куриев кеудесін жерден тоқтаусыз 3202 рет көтеріп, әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы РИА Новости сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Саид Царнаев/РИА Новости
Фото:Саид Царнаев/РИА Новости: Facebook

28 қараша күні Грозный қаласының телеарналарының студиясында Ресейдің рекордтар кітабының бас редакторы Станислав Коненко мен Ресей рекордтар кітабының "Фитнес" санатының сарапшысы Андрей Лобков баланың рекордын тіркеді.

"Рахим екі сағат 30 минут ішінде кеудесін 3202 рет көтерді. Бұл рекорд және біз оны тіркеп алдық", -деді Коненко.

Естеріңізге сала кетейік, қараша айының ортасында балақай екі жарым сағаттың ішінде кеудесін 4105 рет көтерген болатын, бірақ рекорд ресми тіркелмеді. Баланың дарынына тәнті болған Рамзан Қадыров бес жасар спортшыға су жаңа көлік сыйлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766026-bes-zasar-balakaj-keudesin-zerden-kteruden-lemdik-rekord-ornatty.html